Accessibility links

Алматыда "сынап алып өтпек болды" деген күдіктіні қамау мерзімі ұзарды


Сынап құйылған ыдыс (Көрнекі сурет).

Сынап құйылған ыдыс (Көрнекі сурет).

Алматы әуежайында қазан айында химиялық улы зат - сынапты шекарадан заңсыз алып өтпек болды деген күдікпен ұсталған ер адамды қамау мерзімі 2 қаңтарға дейін ұзартылды деп хабарлайды Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Бір килограмға жуық сынапты алып өтпек болды деген күдікпен ұсталған адамның қамау мерзімі 3 желтоқсанда аяқталған еді.

Күдікті ер адам қазанның басында Алматыдан Тбилисиге ұшатын рейсті рәсімдеу кезінде ұсталған. Тексеру кезінде одан ішінде сынап болуы мүмкін деген ыдыс табылған. Ақпарға қарағанда, жолаушы әуе қауіпсіздігі жөніндегі қызметкерлерінің ыдысты шығарып көрсету бұйрығын орындаудың орнына оны қоқыс жәшігіне тастай салған. Бұдан соң сынап төгіліп, жолаушылар эвакуацияланған, бірнеше халықаралық және ішкі рейстер бөгелген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG