Accessibility links

Пәкістанда қонақүйдегі өрттен 11 адам мерт болды


Пәкістандағы өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).
Пәкістандағы өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).

Пәкістанның Карачи қаласында бүгін таңертең төрт жұлдызды қонақүйде шыққан өрттен кем дегенде 11 адам қаза тапты. Қала полициясының мәлімдеуінше, қаза тапқандардың төртеуі - әйелдер. Күйік шалып мерт болғандардан өзге түтіннен уланып, тұншығып қайтыс болғандар да бар.

Өрттен 50-ден астам адам денесін күйік шалып, түрлі жарақат алды. Кейбір ақпаратқа қарағанда, ауруханаға жеткізілгендердің, түтіннен уланып және жараланып дәрігерлік көмек сұрағандардың арасында шетел азаматтары да бар. Телеарналардан көрсетілген өрт орнынан түсірілген кадрларда жоғарғы қабаттардың терезелерінен бір біріне байланған төсек тысымен төмен қарай түсуге тырысып жатқан адамдар көрінеді.

Өрт себептері әзірге белгісіз. Биліктің мәлімдеуінше, өрт асқонақүйдің төменгі қабатында орналасқан асүйден шыққан.

XS
SM
MD
LG