Accessibility links

Серікболсын Әбділдиннің жаңа кітабы таныстырылды


Саясаткер Серікболсын Әбділдиннің "Тұңғыш төраға" кітабы. Алматы. 5 желтоқсан, 2016 жыл.
Саясаткер Серікболсын Әбділдиннің "Тұңғыш төраға" кітабы. Алматы. 5 желтоқсан, 2016 жыл.

Алматыда бүгін оппозициялық саясаткер, Қазақстанның Жоғарғы кеңесінің алғашқы төрағасы Серікболсын Әбділдиннің "Тұңғыш төраға" кітабы таныстырылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай басылған кітапта тәуелсіздікке қатысты шынайы мағлұматтар, кейбір тарихи оқиғаларға қатысты нақты мәліметтер келтірілген. Кітапта тәуелсіздік пен одан бергі жылдарды бағалауда уақыт өткен сайын шындықтан барынша алшақтап бара жатқаны байқалатыны айтылған.

Кітапты журналистер Ермұрат Бәпи мен Бақытгүл Мәкімбай құрастырған.

XS
SM
MD
LG