Accessibility links

Қазақстанда 19 мың бала сал ауруына шалдыққан


Сал ауруына шалдыққан баласын құшақтап отырған ана. Шымкент, 4 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)
Сал ауруына шалдыққан баласын құшақтап отырған ана. Шымкент, 4 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

2016 жылдың қыркүйек айындағы есеп бойынша, Қазақстанда 15 жасқа дейінгі 19 мың 58 бала сал ауруына шалдыққан деп хабарлады «Қасиетті жол» оңалту орталығының президенті Гүлмира Әбелдинова. Ол балалардың 10 пайыздайы ғана арнайы сауықтыру орталықтарында ем қабылдайды.

«Бұл – аз көрсеткіш. Сал ауруына шалдыққан бала кем дегенде жылына екі-үш рет сауықтыру орталығында ем қабылдауы керек. Ал бізде балалар сауықтыру орталығына жолдама алу үшін жылдар бойы кезек күтеді. Бұл уақытта баланың жағдайын жақсартуға деген мүмкіндік азая береді» дейді ол.

Гүлмира Әбелдинованың айтуынша, Астана қалаcында тұратын балалар жолдама алу үшін жеті-сегіз ай, ал аймақтардағы балалар бір жылдан ұзақ уақыт кезек күтеді. Маман Қазақстанның әр аймағында сал ауруына шалдыққан балаларға арналған сауықтыру орталығын ашу қажет деп біледі. Оның сөзінше, елде сал ауруына шалдыққан балаларды емдейтін мамандар да аз.

XS
SM
MD
LG