Accessibility links

Франция премьері өзін президенттікке ұсынды


Мануэль Вальс, Франция премьер-министрі.
Мануэль Вальс, Франция премьер-министрі.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс президент қызметіне кандидатурасын ұсынды. 54 жастағы Вальс сайлауалды кампаниясына кірісу үшін 6 желтоқсанда отставкаға кетеді. Вальс араларында кәдімгідей бөлінушілік пайда болған социалистерді біріктіргісі келгендіктен өз кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді.

Социалистік партияның қаңтарда өтетін праймеризінде Мануэль Вальс өзге қарсыластарымен бәсекеге түседі. Бірнеше күн бұрын Франция президенті Франсуа Олланд өз партиясының басқа кандидатпен жеңіске жете алатынына сенім білдіріп, президент сайлауына түспейтінін мәлімдеген.

Қоғамдық сауалнама қорытындысына қарағанда, Мануэль Вальс праймеризде жеңіп шыққанымен, сайлауда президенттікке әсіре оңшылдардың кандидаты Мари Ле Пен және консерваторлар кандидаты Франсуа Фийоннен аз дауыс жинауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG