Accessibility links

Өзбекстанның Совет одағы кезіндегі соңғы басшысы ақталды


Иномжон Усмонходжаев, Өзбекстан ССР-нің басшысы.
Иномжон Усмонходжаев, Өзбекстан ССР-нің басшысы.

Өзбекстанда республиканың Совет одағы кезіндегі басшысы, 1989 жылы "мақта ісі" деп аталған коррупцияға қарсы науқанда сотталған Иномжон Усмонходжаев ақталды.

Усмонходжаев 8 желтоқсанда Азаттыққа Жоғарғы соттан 18 қарашада өзіне қарсы айып пен сот үкімінің жойылғаны және істің жабылғаны туралы хат алғанын айтты.

86 жастағы Усмонходжаев Өзбекстан ССР-ін 1983-1988 жылдары басқарған.

Өзбекстан Компартиясының бірінші хатшысы болған Усмонходжаев 1989 жылы желтоқсанда сот шешімімен коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталып, 12 жылға сотталған еді. Ол 1990 жылы босатылғанымен, ақталмаған.

СССР басшысы Михаил Горбачевтің 1980 жылдардың ортасындағы реформалары кезінде коррупцияға қарсы науқан барысында Ресей мен Өзбекстанда 800-ге тарта шенеунік істі болған.

Бұл кампания барысында 4 мыңнан астам адам, оның арасында СССР-дің бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, СССР басшысы Леонид Брежневтің күйеубаласы Юрий Чурбанов сотталған.

XS
SM
MD
LG