Accessibility links

Шымкентте ломбард тонамақ болған адам қызметкерді жаралады


Шымкент көшелерінің бірі. 9 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Шымкент көшелерінің бірі. 9 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Шымкенттегі 11-шағын ауданда орналасқан "Сейф" ломбардын тонамақ болған белгісіз азамат ломбард қызметкерін оқ атып жаралады деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

11 қаңтар күні таңғы сағат 10 кезінде бетіне медициналық маска тағып, күннен қорғайтын көзілдірік киген, қысқа ұңғылы аңшылық мылтық асынған адам ломбардқа басып кірген. "Ол касса қызметкерін қорқытып, алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен. Содан соң касса қызметкеріне қарай оқ атып, көкірек тұсынан жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған" дейді облыстық ішкі істер департаменті.

Шымкент қалалық аурухананың реанимация бөліміне жеткізілген жаралы адамның жағдайы ауыр екенін айтады.

Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің "Қарақшылық жолмен адам өлтіруге оқталу" және "Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктіні іздеп жатыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG