Accessibility links

ОҚО: Рақымшылық заңы бойынша 94 тұтқынның ісі сотқа жолданды


Қазақстан түрмелерінің біріндегі жазасын өтеп жатқан тұтқындар (Көрнекі сурет).
Қазақстан түрмелерінің біріндегі жазасын өтеп жатқан тұтқындар (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 94 сотталушының ісі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мәлім етті.

Департамент бастығының орынбасары майор А.Бакировтың хабарлауынша, департаментке қарасты түзеу мекемелерінде Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңына қатысты 94 сотталушының ісі қаралып, сотқа жолданған.

"Қазіргі таңда заңнан бас тартқан адам жоқ. Сотталған бір адамның бір уақытта Қылмыстық кодекстің 73-бабына сәйкес жазаның жеңіл түріне ауыстыру және заңның 4-бабына сәйкес қалған мерзімін қысқарту құқығы қатар келген. Сотталушының өзінің шешіміне байланысты жазасын жеңіл түрге ауыстыру туралы өтінішін сот қарастырып жатыр" делінген хабарламада.

Бұдан бұрын облыстық прокуратура аймақтағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталушының бірі рақымшылық заңынан бас тартқанын мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG