Accessibility links

Британ Жоғарғы соты: "Brexit-ті парламент мақұлдауы тиіс"


Жоғарғы сот алдында Еуропа Одағының туын бұлғап тұрған адам. Лондон, 24 қаңтар 2017 жыл
Жоғарғы сот алдында Еуропа Одағының туын бұлғап тұрған адам. Лондон, 24 қаңтар 2017 жыл

24 қаңтарда Ұлыбританияның Жоғарғы соты премьер-министрдің елді Еуропа Одағынан шығарып алу процесін өз өкіміне сүйеніп бастап кетуіне шектеу салып, парламенттің соңғы шешіміне жүгінуді міндеттеп тастады.

Ұлыбританияның Жоғарғы соты елдің премьер-министрі Тереза Мэйдің Лиссабон келісімінің 50-бабын өз өкіміне сәйкес қолданып, Еуропа Одағынан шығу процесін біржақты бастап кетуіне тыйым салды. Сот шешіміне сәйкес премьер-министр егер парламент мақұлдаса ғана Ұлыбританияны Еуропа Одағынан шығару рәсімін бастай алады.

Бас прокурор Джереми Райт Ұлыбритания халқының басым бөлігі одақтан шығу туралы шешім қабылдап қойғанын, бірақ ол шешімді қолданысқа енгізу "заңдық емес, саяси мәселе екенін" айтты.

Осылайша Джина Миллер есімді кәсіпкер әйел бастап, Шотландия үкіметі мен өзге де ұйымдар қостаған белсенділердің "премьер-министр Еуропа Одағынан шығу процесін парламентпен келісу керек" деген талабын Жоғарғы сот қолдап шықты.

Өткен апта премьер-министр Тереза Мэй Ұлыбританияның әлемдегі ең ірі сауда блогы - Еуропа Одағынан қалай шығатыны туралы 12 бөлімнен тұратын жоспарын жариялаған. Елдің одақта қала беруін қалайтын ұлыбританиялықтар парламент үкіметтің шығу ниетін мақұлдамай тастар деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG