Accessibility links

Баку: Таулы Қарабақта заңсыз референдум өтті


Степанакерттегі дауыс беру. Таулы Қарабақ, 20 ақпан 2017 жыл.
Степанакерттегі дауыс беру. Таулы Қарабақ, 20 ақпан 2017 жыл.

Әзербайжан сепаратистік Таулы Қарабақ аймағында өткен референдумды "заңсыз" деп мәлімдеді.

Таулы Қарабақ билігі дерегінше, дүйсенбіде өткен референдумда дауыс бергендердің 87,6 пайызы басқаруды толық президенттік жүйеге көшіруді қолдаған. Ол аймақта енді премьер-министр қызметі болмайды, министрлерді президент тағайындайды. Бұған қоса Таулы Қарабақ республикасы деген атау Арцах республикасы болып өзгереді, бірақ екі атау да қолданыла береді.

Әзербайжан мен Армения Әзербайжанның этникалық армяндар басым тұратын жікшіл Таулы Қарабақ аймағы үшін жиі жанжалдасып жүр. Таулы Қарабақ Әзербайжаннан 1990 жылдардың басында болған соғыста тәуелсіздігін жариялаған. Ол соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

Былтыр сәуірде Таулы Қарабақтағы әлсіз бітім бұзылып, армян сепаратистері мен әзербайжан әскерилері арасында төрт күндік ұрыс болған. Ол жанжалдан 75 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG