Accessibility links

Бішкекте жол апатына қатысы бар Ресей дипломаты Қырғызстаннан кетті


Бішкекте жол апатына түскен Ресей елшілігінің көлігі. Қырғызстан, 16 ақпан 2017 жыл.
Бішкекте жол апатына түскен Ресей елшілігінің көлігі. Қырғызстан, 16 ақпан 2017 жыл.

Ресейдің Бішкектегі елшілігінің бірінші хатшысы, Бішкектегі адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасаған дипломат Виктор Пуховтың Қырғызстаннан Ресейге кетіп қалды.

Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Дарья Пахомова Пуховтың Ресейге қайтарылып жіберілгенін ғана айтып, басқа ақпарат бермеді.

16 ақпанда Бішкекте Ресей елшілігің "Тойота Лэнд Крузер" көлігі бағдаршамның қызыл жарығын кесіп өтіп, Бішкек тұрғыны Алексей Лексин мінген "Мерседес-Бэнц Спринтер" жүк көлігімен соқтығысқан. Лексин жол апатынан жарақат алып, ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

Пахомова жол апаты болған күннің ертеңінде жол апаты кезінде көлікті Пуховтың өзі жүргізгенін, дипломаттың жамбас сүйегі шығып кетіп, ауруханада жатқанын хабарлаған.

17 ақпанда Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қырғызстандағы уақытша сенімді уәкілі Алексей Мзареуловты оқиғаны талқылауға шақырған.

23 ақпанда Бішкектің ішкі істер департаменті Ресей елшілігін жол апатын тексеруге көмектесуді сұраған.

Бішкек полициясы бұған дейін жол апаты болғанда көлікте Ресейдің "Роснефть" компаниясының Қырғызстандағы филиалы директорының орынбасары Игорь Рясный да болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG