Accessibility links

Филиппиндегі содырлардың Германия азаматын өлтірген видеосы жарияланды


Филиппин содырлары кепілге алған Германия азаматы Юрген Кантнер.
Филиппин содырлары кепілге алған Германия азаматы Юрген Кантнер.

Филиппиндік "Абу Сайяф" тобының содырлары кепілге алған Германия азаматы Юрген Кантнердің басын алғаны туралы видеожазбасын жариялады. Кантнер 2016 жылы қарашада Малайзия жағалауында яхтасымен жүрген кезінде ұрланған. Кепілге алғандар неміс азаматын босату үшін 26 ақпанға дейін 600 мың доллар төлеуді талап еткен.

"Абу Сайяф" тобының қысқа видеосын экстремистік сайттарға мониторинг жасаумен айналысатын SITE тобы жариялады. Видеода 70 жастағы Кантнердің басын бетперде киген, қолдарына пышақ ұстаған ер адамдар алады. Филиппин президентінің кеңесшісі Хесус Дуреза Германия азаматының қазасын растап, оны өлтіруді "тағылықпен кісі өлтіру" деп айыптады. Оның сөзінше, билік Кангнерді тауып, босатпаққа талпынғанымен, одан нәтиже шықпаған.

Германия сыртқы істер министрлігінің өкілі Мартин Шефер сарапшылар видеожазбаны зерттеп жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, егер видеожазбаның шынайы екендігі расталса, онда ол "естен тандырарады". "Абу Сайяф" тобын АҚШ пен Филиппин биліктері террористік ұйым деп таныған.

XS
SM
MD
LG