Accessibility links

Қырымда журналист Николай Семенаның соты басталады


Журналист Николай Семена. Қырым, 16 ақпан 2017 жыл.
Журналист Николай Семена. Қырым, 16 ақпан 2017 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Симферополь қаласында бүгін жергілікті журналист, Азаттықтың Украин қызметінің «Крым.Реалии» жобасы авторларының бірі Николай Семенаның ісі бойынша сот басталады.

Журналистке «Ресей федерациясының территориялық тұтастығын бұзуға шақыратын» мақаласы үшін айып тағылған. Тергеу қорытындысы бойынша, Николай Семена Киевтің Қырымға блокада салғаны туралы мақаласында Ресей заңын бұзған. «Ресей жерінің тұтастығын бұзуға шақырды» деген айыптауға Қырымды Украинаға қайтару туралы пікір ілік болған.

Федералдық тергеу қызметіне берген жауабында Николай Семена өз материалдарында «ой-пікірін еркін білдіру» құқығын пайдаланғанын айтқан.

Семенаның үстінен қылмыстық істі былтыр көктемде қозғаған, журналистке түбектен кетуге тыйым салынған. Іс бойынша алдын ала сот отырысы ақпанның соңында өткен. Ол жолы қорғаушылар лингвистикалық сараптама қорытындысымен келіспей, уәждерін айтқан.

АҚШ, Еуропа Одағы, құқық қорғаушылары мен журналистердің халықаралық ұйымдары Ресейді журналист Николай Семенаны қуғындауды тоқтатуға және Қырымдағы саяси тұтқындардың бәрін босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG