Accessibility links

АҚШ конгресі "сайлауға Ресейдің араласуы" жайлы тыңдау өткізіп жатыр


ФБР директоры Джеймс Коми (сол жақта) мен ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы Майк Роджерс өкілдер палатасында жауап беріп отыр. Вашингтон, 20 наурыз 2017 жыл.
ФБР директоры Джеймс Коми (сол жақта) мен ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы Майк Роджерс өкілдер палатасында жауап беріп отыр. Вашингтон, 20 наурыз 2017 жыл.

АҚШ-тың федералдық барлау басқармасы (ФБР) басшысы Джеймс Коми мен ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы Майк Роджерс өкілдер палатасына келіп, жауап бере бастады. Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының Ресеймен байланысы туралы сауалға жауап беріп жатыр. Жиында Трамптың "Обама президент кезінде менің телефон әңгімемді тыңдатты" деген айыптауы да сөз болады.

ФБР басшысы Джеймс Коми президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының "Ресеймен байланысы" тексеріліп жатқанын айтты. Ал ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысы Майк Роджерс "америкалық арнайы қызметтердің сайлауға Ресейдің араласуы туралы баяндамасы шындыққа сай" екенін мәлімдеді.

Сонымен бірге тыңдауға президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн де шақырылған. Бұған дейін БАҚ Флиннің Ресеймен байланысы туралы хабар таратқаннан кейін ол отставкаға кеткен.

АҚШ ондағы президент сайлауына Ресейдің араласқаны туралы қаңтардың 6-сы күні мәлімдеме таратқан. АҚШ барлау қызметтері Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Трампқа болысып, сайлауалды кампанияға ықпал ету мақсатымен демократиялық партия сайттарына қарсы хакерлік шабуылдар ұйымдастыруға пәрмен берген деген қорытындыға келген. Кремль кибершабуылдарға қатысы туралы өз атына айтылған айыптауларды жоққа шығарады.

Наурыздың 4-і күні Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жазбаларында Нью-Йорк қаласындағы өзінің пентхаусы орналасқан "Трамп Тауэр" ғимаратындағы әңгімелерді тыңдатқызған" деп экс-президент Барак Обаманы айыптаған. Обама ол айыптауларды теріске шығарған.

Бұл айыптауларға байланысты тексеруді өкілдер палатасының барлау комитеті төрағасы Девин Нунес (республикашыл) пен бұл комитеттегі азшылық демократтар өкілі Адам Шифф басқарған.

XS
SM
MD
LG