Accessibility links

Атамбаев Азаттықты "халықаралық сотқа беруге дайын"


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті. Видеодан жасалған скриншот.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті. Видеодан жасалған скриншот.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев АЕР/АР-дың Қырғыз қызметін "жала жабу" бабы бойынша "халықаралық соттарға" беруге әзірленіп жатқанын айтты.

Наурыздың 24-інде Бішкекте сөйлеп тұрып Атамбаев Азат Еуропа Радиосы/Азаттық Радиосы Қырғыз қызметінің (Қырғызстанда "Азаттык" деген атпен белгілі) үстінен биыл қыркүйекте АҚШ-қа сапар шеккенде президент Дональд Трампқа арызданатынын айтты.

Атамбаевтың сөзінше, АЕР/АР-дың Қырғыз қызметі мен Zanoza.kg вебсайты Қырғызстанның оппозициялық "Ата-Мекен" партиясы туралы ұйым жетекшісі Омурбек Текебаев қамауға алынған соң жариялаған репортаждарында өзіне жала жапқан.

Қырғыз президенті Азаттық радиосын "халықаралық сотқа беруге дайын" екенін айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Наурыздың 1-інде "Ата-Мекен" қырғызстандық прокурорлар Текебаевты әдейі нысанаға айналдырды, Текебаев қолына түсірген қаңтарда Бішкек түбінде құлаған жүк ұшағы туралы айғақтың жария болуын қаламады деген мазмұнды мәлімдеме жасаған. Партия өкілі Талайгүл Токтакунова наурыздың 1-інде Текебаевтың дәл ұсталар алдында Түркияның арнайы қызметтерінен құпия құжаттар әкеле жатқанын, ол құжаттар апатқа ұшыраған MyCargo 747-400 ұшағы тиеген жүктің Атамбаев пен әйеліне тиесілі болғанын айғақтайтынын айтқан. Әуе апаты кезінде ұшақ экипажының төрт мүшесі мен апат аймағындағы ауылдың 35 тұрғыны мерт болған.

Атамбаевтың негізгі саяси бәсекелесі болып саналатын Текебаевты "Ата-Мекен" биыл қарашада өтетін президент сайлауына негізгі кандидаты деп жариялаған. Текебаев 2016 жылы Атамбаевтың бастамасы бойынша конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдумға қарсы шығып, қатты сынаған саясаткерлердің бірі еді. Бұл өзгерістерге сәйкес Атамбаевтың мерзімі 2017 жылдың соңында біткен кезде президентке тиесілі болып келген күшті билік премьер-министрге табысталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Текебаев: «Ешқандай революция ақшамен жасалмайды»

Қырғызстанның конституциясы бойынша ел азаматы бір-ақ мәрте алты жылға президент болып сайлана алады. Сыншылар Атамбаев осындай жолмен өз билігін созып, елді премьер-министр ретінде басқарып отыра бермек деп сөгеді.

Омурбек Текебаевты босатуды талап етушілер митингісі. Бішкек, 9 наурыз 2017 жыл
Омурбек Текебаевты босатуды талап етушілер митингісі. Бішкек, 9 наурыз 2017 жыл

Парламенттің бұрынғы спикері Текебаев ақпанның соңынан бері Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысында отыр. Оған "пара алды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыптар тағылған. Жақтастарының айтуынша, билік осындай жолмен Текебаевтың қарашада өтетін сайлауға қатысуына кедергі келтіріп отыр.

АЕР/АР-дың "Ата-Мекен" партиясының мәлімдемесі туралы репортажында Атамбаевтың өкілінің "бұл - өтірік" деген сөзі келтірілген. АЕР/АР бұған қоса наурыздың 1-і күнгі оппозицияның айыптауын жоққа шығарған Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің де уәжін жариялаған. Ол мақалада Бішкектің "Түркия елшісі бұл айғақты "қолдан жасалған" деп атады" деген мәлімдемесі де бар.

АЕР/АР-дың вице-президенті және бас редакторы Ненад Пеич наурыздың 24-і күнгі Атамбаевтың мәлімдемесіне жауап бере отырып: "АЕР/АР репортажынан қайтпайды, қарсы тараптар пікірі тең берілген және кәсіби деп санайды. Президентпен жүздесуге, оны алаңдататын жайттарды талқылауға қашанда дайынбыз" деді.

Наурыздың 24-і күні АЕР/АР-дың Қырғыз қызметі мен Zanoza.kg сайты туралы айтқан сөзінде Атамбаев: "Бұлар - журналистер емес, жала жапқыштар" деген.

"Азаттык радиосына келсек, олардың халықаралық соттарға беруге әзірмін. Азаттык радиосы үшін бұл жақсы сабақ болар еді. Денсаулығым жақсарып келеді, Құдай қаласа, осы қыркүйекте Америкаға барып қалмақпын, Трамппен кездеспекпін. Бәлкім сөйтсем тоқтар" деді Атамбаев.

Наурыздың басында Бішкектегі прокуратура Атамбаевтың атынан АЕР/АР-дың Қырғыз қызметі мен Zanoza.kg сайтының үстінен сотқа шағым түсірілгенін хабарлаған. Прокуратура бұл медиа компаниялардың "президенттің абыройы мен бизнесс репутациясына нұқсан келтіргенін" айтқан. Шағымға сәйкес АЕР/АР-дың Қырғыз қызметінен 144 мың доллар, Zanoza.kg вебсайтынан 43 мың доллар моральдық шығын өтеу талап етіледі.

Наурыздың 24-інде Атамбаев: "Екі медиа компанияға жандарыңыз ашыса, біле жүріңіздер, Азаттык радиосының бюджеті - жүздеген миллион доллар" деді.

Ал анығын айтқанда Қырғыз қызметі АЕР/АР-дағы 26 тіл қызметінің бірі ғана. Ал АЕР/АР-дың 2016 жылғы жалпы бюджеті 108 миллион 400 мың долларға тең.

"Бұл соттасудан түскен ақшаны өз журналистерімізге немесе балалардың рак ауруы [қайырымдылық қорына] берер едім" деді Атамбаев.

XS
SM
MD
LG