Accessibility links

Жергілікті сайлаудан соң Меркельдің партиясы позициясын нығайтты


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық одағы Германиядағы федералдық маңызды жерлердің бірі - Саарландтағы сайлаудан соң өз позициясы мен Меркельдің төртінші мерзімге қайта сайлану мүмкіндігін күшейте түсті. Саарландтағы дауыс беру - қыркүйекте өтетін жалпыхалықтық сайлауды алдын ала анықтайтын жергілікті деңгейдегі үш сайлаудың алғашқысы. ARD телеарнасының сайлау учаскелерінде жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша, Саарланд тұрғындары арасында христиан демократтарды қолдау 35,2 пайыздан 41 пайызға ұлғайған. Оппозициялық Социал-демократиялық партия мен Жасылдар партиясы қолдаудан айырыла бастаған.

Еуропада көпшілігі Меркельдің төртінші мерзімге канцлерлік қызметте қалу үшін күресін бақылап отыр. Ксенофобияның күшеюі мен немістердің канцлердің иммиграциялық саясатына көңілі толмауы ультраоңшыл "Германия үшін балама" партиясының танымалдығының артуына ықпал етті. Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығайын деп жатқанда және Франциядағы президенттік кампанияның шиеленісе түскен тұсында ЕО мен НАТО-ны жақтайтындар Меркельді Еуропадағы бірлікті сақтап қала алатын маңызды адам деп санайды.

XS
SM
MD
LG