Accessibility links

БАҚ: Мәскеуде Ресей ішкі істер министрлігінің шенеунігін өлтіріп кетті


Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).
Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).

Мәскеуде Ресей ішкі істер министрлігінің құрылыс департаментінің басшысы Николай Волковты атып өлтіріп кетті.

"Интерфакс" агенттігінің құқық қорғау органындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, шенеунікті 27 наурызда өлтіріп кеткен.

Волков министрліктің реконструкция және құрылыс департаментінің бастығы болған.

"Интерфакстың" хабарлауынша, полиция шенеунікті оның қызметіне байланысты өлтірмеген, қылмыс кәдімгі тонау мақсатында жасалған болуы мүмкін деп жорамалдап отыр.

XS
SM
MD
LG