Accessibility links

Қазақстанның кей облысында тасқын қаупі бары хабарланды


Жайылған су жағасында тұрған балалар. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 16 cәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сәуірдің 8-і мен 13-і аралығында Қазақстанның орталық, шығыс және солтүстігіндегі областарында күннің жылынуына байланысты еріген қар әсерінен өзен деңгейі көтеріліп, қызыл су жайылуы мүмкін деп хабарлады Tengrinews сайты «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 8-12 сәуір аралығында өзендер мен тоғандарда су деңгейі көтеріліп, мұз қатуы, қызыл су жайылуы ықтимал. Сонымен бірге, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының жылынуына байланысты өзендер деңгейі көтеріліп, су жайылуы мүмкін деп ескертеді ауа райын болжау мекемесі.

Бұған дейін тараған ақпаратта, осы аптаның соңында Қазақстанның аумағының басым бөлігінде ауа температурасы әдеттегі қалпынан 3-7 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екені айтылған болатын.

Биыл көктемде оңтүстік, солтүстік-шығыс және орталық облыстарда көктемгі тасқын салдарынан кей жерлерде автомобиль және темір жол байланысы тоқтап қалған. Қарағанды облысында сәуірдің басынан бері тасқын кесірінен бес адам қаза болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG