Accessibility links

Стокгольмдегі терактіге күдікті екі адам ұсталған


Стокгольмде 2017 жылғы 7 сәуірдегі терактіге байланысты іздеу жарияланған күдіктінің суреті.

Стокгольмде жұма күні жасалған терактіге қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталған. Швецияда шығатын Aftonbladet басылымының дерегі бойынша, олардың бірі – Өзбекстаннан келген және «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын жақтайтын 39 жастағы адам. Полиция ұсталған екеудің бірі кешегі шабуылды жасаған деп санайды.

Сәуірдің 7-і күні Швеция астанасының орталығында белгісіз біреу ұрлап мінген жүк көлігімен көшедегі жұртты таптап өткеннен кейін сауда орталығына соғылған соң көлік өртенген. Шабуыл салдарынан 4 адам қаза тауып, 15 кісі зардап шеккен, олардың - 9-ы ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Қала тұрғындары шабуыл болған жерге гүлдер мен шырақтар әкеліп қойып жатыр. Швеция королі XVI Карл Густав қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG