Accessibility links

Ресейдің Таганрог қаласында бес қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, салдарынан екі адам опат болып, зардап шеккен екі кісі ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, оқыс оқиға туралы суыт хабар жексенбі күні таңертең түскен. Жарылыс салдарынан көпқабатты тұрғын үйдегі үш пәтер толық бүлініп, 10 пәтерге ішінара зиян келген деп хабарлайды «Интерфакс». Апат болған тұрғын үйде тұратын 64 адам уақытша балабақшаға орналастырылған.

Ресей тергеу комитетінің Ростов облыстық басқармасы қылмыстық кодекстің «абайсызда екі және одан көп адамды қазаға ұшырату» бабы бойынша іс қозғаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG