Accessibility links

Египетте екінші жарылыстан алты адам құрбан болған


Египеттегі копт шіркеуінде жерде жатқан діни мазмұндағы күнтізбе. (Көрнекі сурет.)

Египеттің Александрия қаласында жексенбі күні копт христиандары шіркеуінде болған жарылыстан алты адам қаза тауып, 20-дан аса адам жараланған. Осының алдында бүгін елдегі Танта қаласындағы копт шіркеуіндегі жарылыс салдарынан 25 адам мерт болып, кемінде 60 кісі зардап шеккен.

Бұл жарылыстарға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ. Бүгін православ христиандар Пасха мерекесі алдындағы Иса пайғамбардың Иерусалимге кiрген күнiн атап өтіп жатыр.

Египетте діни азшылыққа жататын копт христиандарының саны шамамен 6 миллион адам.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG