Accessibility links

ХҒС-дан астронавт пен екі ғарышкер Жерге оралады


Ресейлік "Союз МС-01" ғарыш кемесінің Жерге ғарышкерлерді алып оралған капсуласы. Жезқазған, 30 қазан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Бүгін Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 173 күн болған америкалық астронавт пен ресейлік екі ғарышкер Жерге оралады. ХҒС-дағы 50-экспедицияның командирі, америкалық Шейн Кимброу мен ресейлік Андрей Борисенко және Сергей Рыжиков "Союз МС-02" ғарыш кемесінің капсуласын ХҒС-дан ажыратуға дайындалып жатыр. Капсула 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 17:21-де Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай қонады деп жоспарланған.

ХҒС-ға команда беру міндетін астронавт Пегги Уитсон қабылдап алды. Ол құрамында ғарышкер Олег Новицкин мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Томас Песке бар экипажды басқарады. ХҒС-дан оралған ғарышкерлердің орнына 20 сәуір күні Байқоңырдан астронавт Джек Фишер мен ғарышкер Федор Юрчихин ұшырылмақ.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG