Accessibility links

Назарбаев Египет президентіне теракт құрбандарына қатысты көңіл айтты


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисиге осы елде копт христиандарының шіркеулерінде болған терактілерден ондаған адамның құрбан болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Өз атымнан және Қазақстан халқының атынан Сізге және зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, біз қайғыларыңызға ортақпыз" делінген Ақорда жариялаған жеделхатта.

9 сәуір, жексенбі күні Египетте копт христиандарының екі шіркеуінде жарылыс болып, кем дегенде 43 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Жарылыстар православ христиандары Иса пайғамбардың Иерусалимге кiргенін атап өтетін күні болды. Бомбаның бірі Александрия қаласындағы шіркеуде, патриарх Феодор Екінші құлшылық жүргізіп тұрған уақытта жарылды. Жаралыстан патриарх зардап шеккен жоқ. Екінші жарылыс Тант қаласындағы шіркеуде болды.

Египетте діни азшылыққа жататын копт христиандарының саны шамамен 6 миллион адам.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG