Accessibility links

АҚШ: Сан-Бернардинода мектептегі атыстан 3 адам қаза тапты


Джаррод Бурган, Сан-Бернардино полициясының басшысы. Калифорния, АҚШ.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында бастауыш мектепте атыс болып, салдарынан үш адам қаза тапты, үш адам жараланды. Полиция шабуылды "кісі өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау" деп атайды. Қала полициясының басшысы Джаррод Бурган атыстың Northpark мектебінде сынып ішінде болғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болғандар арасында әйел мұғалім мен шабуыл жасаған адамның өзі бар. Ер адам тапаншамен әйелді атып өлтіріп, оның жанында болған екі баланы атып жаралап, сосын өзі атылып өлген. Екі оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, кейін олардың бірі көз жұмды.

2015 жылы желтоқсанда Сан-Бернардинода әйелі мен күйеуінің клубта атыс ұйымдастыруынан 14 адам қаза тауып, 22 адам жараланған еді. Болжам бойынша, шабуыл жасағандар "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын қолдаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG