Accessibility links

Венгрия президенті шетел оқу орындары туралы даулы заңға қол қойды


Будапештегі шетел жоғары оқу орындары туралы заңның қабылдануына қарсылық акциясы. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл.
Будапештегі шетел жоғары оқу орындары туралы заңның қабылдануына қарсылық акциясы. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл.

Венгрия президенті Янош Адер америкалық миллиардер Джордж Сорос құрған Орталық Еуропа университетін (ОЕУ) жабылуға мәжбүрлейтін заңға қол қойды. Адердің мәлімдемесінде заңның конституцияға сай екені және академиялық еркіндікті бұзбайтыны айтылады. Өткен аптада премьер-министр Виктор Орбанның үкіметі парламентке Венгрияда жұмыс істейтін шетел жоғары оқу орындарында кампус пен өз елдеріндегідей оқу бағдарламалары болуын талап ететін заң жобасын парламентке ұсынған.

Заң жобасы бірнеше күнде мақұлданып, жаппай наразылық акцияларын тудырды. 9 сәуірде Будапеште мыңдаған адам қарсылық акциясын өткізіп, президентті заң жобасын кері қайтып, оның конституцияға сәйкестігін тексертуге шақырған еді. Заң жобасын сынайтындар заңға енгізілетін өзгеріс Будапештегі ОЕУ-ге қарсы бағытталған деген пікірді ұстанады. Ұлтшыл премьер-министр Виктор Орбан үкіметі бұл университетті елдегі либералдық оппозицияның бастионы деп санайды.

Заң жобасы бойынша, ОЕУ 2018 жылдан бастап студент қабылдауды тоқтатып, 2021 жылға қарай жабылуы тиіс болады. АҚШ-тың Будапештегі елшілігінің өкілі Вашингтонның "ОЕУ-ға қарсы заңның жедел қабылданғанынан" көңілі қалғанын мәлімдеген.

Қазір ОЕУ-да 100-ден астам мемлекеттен 1400-ден астам студент оқиды.

XS
SM
MD
LG