Accessibility links

БАҚ: Күдікті Джалилов Түркиядан депортацияланған


Акбаржон Джалилов, Санкт-Петербург метросындағы жарылысты жасады деген күдікті
Акбаржон Джалилов, Санкт-Петербург метросындағы жарылысты жасады деген күдікті

Санкт-Петербург метросында жарылыс жасады деген күдікті, Қырғызстаннан шыққан Акбаржон Джалилов 2016 жылы желтоқсанда Түркиядан депортацияланған деп хабарлады сот материалдарына сілтеме жасаған түркиялық Yeni Akit басылымы. Бұл мәліметте ресейлік РБК агенттігіне Түркия үкіметіне жақын дереккөзі де растаған.

Басылымның мәліметінше, Джалилов Түркияға 2015 жылы қарашада барып, бір жылдам сәл асатын уақыт болған. Желтоқсанда түрік билігі оны қара тізімге енгізіп, елге кіруіне бес жылға дейін тыйым салып, депортациялаған. РБК-ның мәліметіне қарағанда, Джалилов Түркияда тұру мерзімін асырып жіберген. Оған я үлкен көлемде айыппұл төлеу немесе елге кіруіне тыйым салынып, депортациялану жазасын таңдауды ұсынған. Ол екінші нұсқаны таңдаған. Ол Ресейге кету үшін Түркиядағы Ресей елшілігіне қайырылған. Ресейдің бас консулдығы агенттік сауалына әзірге жауап бермеген.

3 сәуірде Санкт-Петербургте метро вагонында жарылыс болып, 14 адам, оның ішінде жанкештінің өзі де қаза тапқан. Құрбандар арасында қазақстандық Максим Арышев те бар. Ол Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген. Жарылыстан 50-ге тарта адам жараланған. Метроның "Площадь Восстания" станциясында тағы бір жарылмаған құрылғы табылып, залалсыздандырылған. Тергеу мәліметінше, екінші бомбаның сөмкесінен Джалиловтың генетикалық белгілері табылған. Сараптама мен видеокамерадан алынған мәліметтерге сүйенген тергеушілер вагондағы жарылысты жасаған және басқа станцияда жарылғыш құрылғыны қалдырған бір адам болған деген қорытынды жасады.

XS
SM
MD
LG