Accessibility links

Канада Yahoo ісі бойынша ұсталған Карим Баратовты кепілге босатпады


Канадалық БАҚ-тағы Қазақстаннан шыққан Карим Баратовтың ұсталғаны туралы ақпарат скриншотынан үзінді.

Канада соты АҚШ-тағы Yahoo интернет компаниясының серверлеріне ауқымды кибершабуыл жасау ісінде айыпталған, Қазақстаннан шыққан Карим Баратовты кепілге босатпады. Сот 11 сәуірде Баратов бостандыққа шықса қашып кетуі мүмкін деген қауіппен оны кепілге босатудан бас тартты. АҚШ билігі Канадада ұсталған 22 жастағы Баратовты Ресей арнайы қызметінің агенттерімен астыртын сөз байласқан деп айыптайды. АҚШ тергеушілерінің мәліметінше, ресейлік агенттер Баратовқа кем дегенде 80 электрондық почтаны бұзып кіру үшін ақша төлеген. Баратов өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Канада 12 сәуірде Баратовты АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін сотта қарауға дайын болмақ.

АҚШ өткен айда Бараотвты, Ресей арнайы қызметінің екі агенті мен өзге бір күдікті хакерді 2014 жылы Yahoo-дың 500 миллионға тарта аккаунтын бұзып кірді деп айыптаған.

Бұл іс бойынша тағы бір күдікті хакер, АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы іздеу жариялаған Алексей Белан 2013 жылы маусымда Еуропада ұсталған еді. Бірақ ол өзін АҚШ-қа экстрадициялағанға дейін Ресейге қашып үлгерген.

Қазақстаннан шыққан Баратов 2007 жылы Канадаға кетіп қалып, 2011 жылы сол елдің азаматтығын алған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG