Accessibility links

Тиллерсон G7 жиынынан соң Мәскеуге барды


Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресей мен Батыс елдерінің арасы Сириядағы соғысқа байланысты шиеленісе бастаған тұста Мәскеуге барды. Тиллерсон АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен бері Ресейге бірінші рет барып отыр.

Мәскеуге ұшарының алдында Италияда "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысқан Тиллерсон Ресейді Сирия президенті Башар Асадты қолдаудан бас тартуға шақырды. Тиллерсонның ұйғарымынша, Асад "улы газбен тағылық түрде шабуыл жасап" ондаған сириялықтың өмірін қиған.

Ресей президенті Владимир Путин Асадты қолдауын доғару ниеті бары туралы әзірге ешқандай белгі бермей отыр. Ал бұл тұста Ақ үй Мәскеудің "оқшауланып қалғанын" және "тарихтың дұрыс емес бағытында тұрғанын" мәлімдеді. "Ресей Солтүстік Корея, Сирия мен Иранға қосылды. Бұлар - қарым-қатынас орнатуға болатын елдер емес. Ресейден басқалары көңіл толмайтын мемлекеттер" деді Вашингтонда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер журналистер алдында.

XS
SM
MD
LG