Accessibility links

Трамптың сайлау кампаниясының экс-басшысы "шетел агенті" деп тіркелмек


Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау кампаниясының бұрынғы басшысы.
Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау кампаниясының бұрынғы басшысы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау кампаниясының бұрынғы басшысы Пол Манафорт Украинада Ресейдің мүддесіне лоббилік жасағаны үшін шетел агенті ретінде тіркеледі деп мәлімдеді Манафорттың өкілі Джейсон Малони. Манафорт бұл туралы шешімін Федералдық тергеу бюросы мен конгресс Трамптың сайлау штабы қызметкерлерінің Ресеймен байланыстарын тексеріп жатқан тұста қабылдап отыр.

Джейсон Малонидің сөзінше, Манафорт 2012-2014 жылдар аралығында Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Януковичтің партиясының мүдделерін қорғаумен Ресейдің атынан айналыспаған.

АҚШ әділет министрлігінде шетел агенті ретінде тіркелу арқылы Манафорт бұған дейін өзінің қандай қызмет атқаратынын хабарламай, заң бұзғанын мойындайды. Малонидің сөзінше, Манафорттың Януковичтің партиясына консалтингтік қызмет көрсеткенінде тұрған ештеңе жоқ. Ол сонымен қатар консалтинг Трамп 2016 жылы сайлау кампаниясын бастағанына дейін аяқталғанын да айтты.

Манафорт қызметінен өткен жылы тамызда, Янукович партиясының мүддесін қорғағаны үшін миллиондаған доллар қаржы алғаны белгілі болған соң кеткен. Associated Press агенттігі прокуратураның Манафорттың қызметін Янукович елінен қашқанда Украинадан ұрланған активтердің қайтару жұмыстары аясында бірнеше жылдан бері тексеріп келе жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG