Accessibility links

Түркіменстанда кем дегенде үш мектепті құм басты


Ашғабад маңындағы шағыл құм (Көрнекі сурет).
Ашғабад маңындағы шағыл құм (Көрнекі сурет).

Түркіменстанның Балқан облысының тұрғындары аймақтағы елді мекендердің маңында құм көшуінің күшейгенін хабарлап жатыр. Құм әсіресе жолдарды, тұрғын үй массивтері мен әлеуметтік мекемелерді, оның ішінде мектептерді көміп қалып жатыр.

Берекет және Сердар аудандары тұрғындарының сөзінше, қазір Дувунчи, Ясга және Йылгынлы ауылдарында кем дегенде үш мектепке құм толып, кіру мүмкін болмай қалған.

"Әр жел соққан сайын елді мекен маңындағы шағыл құм көшіп, мектепке толып жатыр. Қазір мектептің төрт жағынан және оған баратын жолды құм басқан. Балаларды мектепке апару қиындап кетті" деді Азаттықтың Түркімен редакциясына Йылгынлы ауылының аты-жөнін атамаған тұрғыны.

Қазір ауылдың бірнеше үйін құм басып қалған. Тұрғындар жергілікті билікке көмек сұрап үнемі қайырылатынын, бірақ табиғи құбылыспен күреске көмекке қол жеткізе алмай клее жатқанын айтады.

Ашғабад маңындағы аудандарда құм әдетте мамырдан қарашаның аралығындағы кезеңде сырғып көшеді. Түркіменстан халқының көпшілігі ауылды жерлерде тұрады, ал ел территориясының 80 пайыздан астамы құмды болып келеді.

XS
SM
MD
LG