Accessibility links

Санавиация орталығы басшысының орынбасары коррупция күдігіне ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Республикалық санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасары М.Шалғынбаев пара алды деген күдікке ілінді. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі күдіктінің 12 сәуірде ұсталып, Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтады. Шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік мекеме денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы әуе көліктерін пайдаланып шұғыл медициналық көмек көрсету қызметін ұйымдастырады.

Орталық басшысының орынбасары авиатранспорт компаниясынан "аса ірі көлемде пара алды" деген күдікке ілінген. Коррупцияға қарсы қызметтің ұйғарымынша, Шалғынбаевтың жекеменшік әуе компанияларынан "науқастарды тасымалдау үшін мамандандырылған әуе транспортын ұсыну қызметін көрсетуге келісімшарт жасасу үшін" "пара алатын қылмыстық схема құруға қатысы бар. Ұлттық бюро бұл іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG