Accessibility links

Ресейде президент сайлауы күнін өзгертуге дайындалып жатыр


Ресей президенті Владимир Путин парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Мәскеу, 18 қыркүйек 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Мәскеу, 18 қыркүйек 2016 жыл.

Мәскеу 2018 жылы өтетін президент сайлауының мерзімін 11 наурыздан 18 наурызға - яғни, үш жыл бұрын Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінің "Ресейге қосылғанын" атап өтетін күнге өзгертуге дайындалып жатыр.

Ресей мемлекеттік думасы 12 сәуірде дауыс беру күнін өзгерту туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдаған.

Ресей заңдары бойынша, президент сайлауы егер жұмыс күні болмаған жағдайда наурыздың екінші жексенбісінде өткізілуі тиіс. Түзету жобасы бойынша, егер екінші жексенбі мейрам күнінің ауыстырылуына байланысты жұмыс күні деп белгіленсе, онда сайлау наурыздың үшінші жексенбісіне шегеріледі. 2018 жылы наурыздың үшінші жексенбісі 18 наурызға түседі. Заң жобасын дайындаушылар 11 наурыз Ресейде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінен кейінгі жұмыс күні болады дейді.

Бақылаушылар Кремль қазіргі президент Владимир Путинге көбірек дауыс жинау үшін сайлаушылар санын арттырудан үміттеніп сайлауды 18 наурызда өткізбек дейді. Себебі Путин 2014 жылы 18 наурызда Қырымды Ресей құрамына қосу туралы келісімге қол қойған.

Киев, АҚШ пен әлемнің көптеген елдері Қырымды Ресейдің территориясы деп санамайды. Олар Ресей әскер кіргізіп, референдум өткізген соң аннексиялап алған Қырымды Украинаның территориясы деп санайды.

1999 жылдан бері билікте отырған Путин әзірге тағы да алты жылға президент болу үшін сайлауға түсу ниеті барын жариялаған жоқ. Бірақ көпшілігі ол кандидатурасын тағы ұсынып, кезекті мерзімге қайта сайланады деп болжайды.

XS
SM
MD
LG