Accessibility links

НАТО-ның Польшадағы жаңа батальоны қызметіне кірісті


Польша президенті Анджей Дуда НАТО-ның Ожиштегі батальоны алдында сөйлеп тұр. |Польша, 13 сәуір 2017 жыл.

Польшаның Ресейдің Калининград облысымен шекарасында НАТО-ның жаңа көпұлтты батальоны қызметіне кірісті. Польша президенті Анджей Дуда бұл оқиғаны өз елі үшін "тарихи сәт" деп атады. Батальон Ресейдің Балтық теңізі жағалауындағы анклавынан 60 километр қашықтықтағы Ожиш қаласында орналасқан. Анджей Дуда аймаққа сапары кезінде "Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бұл сәтті поляктардың бір буыны - әділетті, біртұтас, демократиялық және расымен де еркін Батыстың бөл бөлігі болуды армандаған ұрпағы күтті" деді.

Батальонға америкалық әскерилер қолбасшылық жасайды. Оның құрамына мыңға тарта сарбаз, оның ішінде Ұлыбритания мен Румыния әскерилері кіреді. Кейін оған хорват әскерилері қосылуы тиіс. НАТО-ның мәлімдеуінше, бұл батальонның осы жылдың басында Польшаның Германиямен шекаралас оңтүстік-батысына орналасқан 3500 америкалық әскериге қатысы жоқ.

Биыл НАТО-ның Германия, Канада және Ұлыбритания қолбасшылық ететін бөлімдері Латвия, Литва және Эстонияға да орналастырылады. Альянс Шығыс Еуропадағы әскери әлеуетін Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң күшейте бастаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG