Accessibility links

БҰҰ мен ЕҚЫҰ Ресей билігінен гейлерді қудалауын тоқтатуды талап етті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

БҰҰ мен ЕҚЫҰ Ресейден Шешенстандағы гей және гомосексуалист деген күдікті ер адамдарды қуғындауды дереу тоқтатуын талап етті.

Сарапшы мамандар Мәскеуді гомосексуалистерге қатысты жеккөрініштілікті тұтату мен зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайтыны туралы ресми мәлімдеме жасауға шақырды.

Халықаралық ұйымдар Шешенстанда гомосексуалист деген күдікпен ұсталғандарды дереу босатып, ресейлік баспасөзде жарияланған жыныстық кемсітушілік сипатында күш қолдану оқиғаларын тыңғылықты тергеуді талап етті.

1 сәуірде "Новая газета" Шешенстанда гей және гомосексуалист деген күдікке ілінген тұрғындарды жаппай ұстап, азаптау науқаны басталғанын хабарлаған. Редакция қаза тапқан үш адамның аты-жөні белгілі екенін және құрбандар саны бұдан да көп екенін айтады.

Шешенстан басшылығы бұл айыптарды "жала жабу" деп, жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG