Accessibility links

Молдоваға ЕАЭО-ға бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді


ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің президенттері мен Молдова президенті Бішкектегі ЕАЭО жиынында. 14 сіуір 2017 жыл.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің президенттері мен Молдова президенті Бішкектегі ЕАЭО жиынында. 14 сіуір 2017 жыл.

Молдоваға Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді. Бұл туралы бүгін ЕАЭО-ның Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің Бішкектегі жиынында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев айтты. ЕАЭО елдері - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері жабық түрдегі кездесуінен соң осындай шешім қабылдады.

ЕАЭО жиынына бес ел басшыларынан өзге Молдова президенті Игорь Додон да қатысып жатыр.

Додон жиында Молдованың Еуропа Одағымен де келісімі бар екенін, бірақ ЕАЭО-мен де ынтымақтастығын жалғастыра беретінін айтты. "Бұл халықаралық серіктестерге де, бізге де жақсы белгі болды. Жақсы мақсаттарымыз бар, бұдан арғы да интеграциялық қадамдарға дайынбыз" деді Молдова президенті.

XS
SM
MD
LG