Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан Қырғызстанға көмек беруді жалғастырады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкек әуежайында өзін күтіп алған Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен бірге. 14 сәуір 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкек әуежайында өзін күтіп алған Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен бірге. 14 сәуір 2017 жыл.

Қазақстан Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясында Қырғызстанға көмек беруін жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің Бішкекте өтіп жатқан жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Назарбаев Қазақстанның ЕАЭО-мен сыртқы тауар алмасуы биыл алғашқы екі айда 37 пайызға артқанын, Қырғызстанмен тауар алмасу көлемі 41 пайызға жоғарылағанын және бұл өсімді сақтап, даму жолындағы кедергілерді жою қажетін айтты.

"Қырғызстан экономикасын ЕАЭО шарттарына бейімдеу үшін көмек беруге шешім қабылданып, құжаттар Еуразиялық комиссияға жіберілді. Бұдан ары көмек беруді жалғастыра береміз" деді Назарбаев.

Қазақстан президенті сонымен қатар жаңа мемлекеттермен ЕАЭО аясында келісім жасасуды ұсынып, Иран, Сербия және басқа да бірнеше елдің ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа даяр екенін білдіріп жатқанын айтты.

Назарбаев сөзінің соңында жиынға қатысып жатқан президенттерді EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше. Бүгінгі жиында Молдова одаққа бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болды.

XS
SM
MD
LG