Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда екінші орын алды


Димаш Құдайберген (сол жақта) және қытайлық әнші Шанг Вэнже (оң жақта)
Димаш Құдайберген (сол жақта) және қытайлық әнші Шанг Вэнже (оң жақта)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауында екінші орын алды. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов хабарлады. 15 сәуірде эфирге шыққан финалда ол қытайлық әнші Шанг Венжемен бірге Майкл Джексоннның әндерінен попурри орындады.

Ән байқауында гонконгтық 50 жастағы Сэнди Лам (Sandy Lam) жеңіске жетті.

Қытайдың Чанша қаласында өткен "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңге созылды. Байқаудың алғашқы туры 21 қаңтарда эфирге шыққан. Конкурс барысында Димаш Құдайберген француз, ағылшын, қытай, қазақ тілдерінде ән орындап, үш кезеңде бірінші нәтиже көрсетті. Ал финалға екінші нәтижемен шықты.

Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде жеке концерті ұйымдастырылады.

XS
SM
MD
LG