Accessibility links

"Боруссия" автобусына шабуыл жасауға күдікті Ресей азаматы ұсталды


"Боруссия" командасының автобусы жарылыс болған орында. Германия, Дортмунд, 11 сәуір 2017 жыл.

Германияда полиция Дортмундта "Боруссия" футбол клубының автобусы жанында жарылыстарға қатысы бар деген күдікті Ресей азаматын ұстады деп хабарлады прокуратураға сілтеме жасаған Bild басылымы.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, Сергей есімді күдікті "Боруссия" клубының акциялары футболшыларға шабуылдан соң құлдырайды деп болжаған. Bild-тің дереккөздерінің хабарлауынша, күдікті бомбаларды команда түскен қонақүйде отырып қашықтан жарған болуы мүмкін.

11 сәуір күні кешке футболшылар мінген автобус маңында қолдан жасалған, ұсақ металдар толтырылған үш бомба жарылған. Жарылыстан "Боруссияның" қорғаушысы, испаниялық Марк Бартра жараланған.

Келесі күні полиция исламшылармен байланысы бар күдіктінің ұсталғанын хабарлаған. Сонымен қатар жарылыс орнынан хат табылғаны, онда шабуылдың "Алланың атынан" жасалғаны және "Сирияда германиялық ұшақтар мұсылмандарды өлтіріп жатыр" деп жазылғаны хабарланған.

Прокуратура шабуылды террористік шабуыл деп есептейтінін жариялады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG