Accessibility links

Стокгольмде терактіде жараланған әйел көз жұмды


Стокгольмнің орталығында адамдарды соғып өткен жүк көлігі. Швеция, 7 сәуір 2017 жыл.
Стокгольмнің орталығында адамдарды соғып өткен жүк көлігі. Швеция, 7 сәуір 2017 жыл.

Стокгольмдегі терактіде жараланған әйел ауруханада көз жұмды деп хабарлады Reuters агенттігі. Швеция полициясының ақпаратына қарағанда, 60 жастағы әйел 28 сәуір күні таңертең ауруханада көз жұмған. Терактіден құрбан болғандар саны осымен 5 адамға жетті.

7 сәуірде Стокгольмнің орталығында бөтен кісінің жүк көлігін айдап әкеткен ер адам топ кісіні соғып өтіп, одан сауда үйіне соғылып, өртенген. Шабуылдан 4 адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Көлікті Өзбекстаннан шыққан 39 жастағы Рахмат Акилов жүргізген. Қазір қамауда отырған ол кінәсін мойындаған.

Тергеушілер Акиловтің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы болған дейді. Акиловке ресми айып 11 мамырға дейін тағылмақ.

XS
SM
MD
LG