Accessibility links

Шымкенттік белсенділер жеңіс күніне орай көк лента таратты


Жеңіс күніне арналған лентаны тұрғындарға таратып жүрген белсенділер. Шымкент, 28 сәуір 2017 жыл.
Жеңіс күніне арналған лентаны тұрғындарға таратып жүрген белсенділер. Шымкент, 28 сәуір 2017 жыл.

Шымкент қаласында жиырмаға жуық белсенді тұрғындарға Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет әскері жеңген күн – 9 мамыр мейрамына арналған лента таратып, акция өткізді.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының төрағасы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, қазір сол соғыстағы совет әскері жеңісінің рәмізі ретінде көрініп жүрген Георгий лентасының Екінші дүниежүзілік соғысқа еш қатысы жоқ.

«Біз таратып отырған лентаның түсі – байрағымыз секілді көк түстес. Қазақтың өю-өрнегімен өрнектелген. Дөңгелек таңбада «9 мамыр» деп жазылған. Бұл Жеңіс күнін аңғартады» дейді ол.

Белсенділер шара 9 мамырға дейін жалғасатынын айтады.

XS
SM
MD
LG