Accessibility links

АҚШ Аляска үстінде ұшып жүрген "белгісіз аппаратты" атып түсірді


АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында.

Ақ үй жұма күні президент Джо Байден қорғаныс министрлігіне Аляска төбесінде ұшып жүрген объектіні атып түсіруге бұйрық бергенін хабарлады.

"АҚШ қорғаныс министрлігі объектіні 24 сағат бойы бақылады" деді журналистерге АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби.

"Объект 12 шақырым биіктікте ұшып жүрген және азаматтық авиация ұшақтарына қауіп төндіруі мүмкін еді" деді CNN телеарнасы.

Кирбидің айтуынша, объект АҚШ аумағында орналасқан аумаққа – мұзға құлаған. Ол объектіні "әуе шары" деп атауға келмейтінін айтты.

BBC-дің хабарлауынша, белгісіз әуе объектісін бесінші буынға жататын көпнысаналы F-22 Raptor истребителі атып түсірген. Аппараттың бөлшектері жинастырылып, сол маңға барған кемеге жүктелген, әрі қарай "зертханаға зерттеуге" жіберілмек.

Объект қай елге тиесілі екені әзірге айтылмады. Кирбидің айтуынша, аппараттың иесі анықталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG