Accessibility links

Газа жауынгерлері Израильге зымырандарын атты


Израиль армиясының мәлімдеуінше, Газадағы жауынгерлер түнде Израильдің оңтүстігіне екі зымыран атқан.

Израиль армиясы баспасөз хатшысының айтуынша, сенбі күнгі шабуылдардан ешкім зардап шекпеген бірақ зымыран бір үйді қиратқан.

Осы аптада Газадағы жауынгерлер Израильге бірнеше рет шабуылдады. Ал Израиль Газаға әуеден соққы беріп, 4 азаматты өлтірді. Сонымен қатар сәрсенбіде Иерусалимде автобус бекетіндегі жарылыстан бір британиялық турист опат болып, ондаған адам жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG