Accessibility links

Сириядағы көтерілісте 2 адам қаза тапқан


Сирия билігінің хабарлауынша, Латакия қаласындағы үкіметке қарсы шерулер кезінде екі адам қаза тапты.

Олар сенбі күні мергендер оғынан опат болған. Шеру белсенділерінің айтуынша, қауіпсіздік күштері биліктің "Баас" партиясының штаб пәтеріне өрт қоймақшы болған көтерілісшілерге оқ жаудырған.

Латакия қаласындағы оқиғалар жұма күні Дераа мен басқа да аймақтарда президент Башар әл-Ассад билігіне қарсы шеру кезінде 20-дан аса кісі қаза болған соң орын алып отыр.

Сирия билігі қақтығысты елде жікшілдікті қоздырмақ болғандардар жасады деп отыр. Сирия үкіметінің хабарына қарағанда, шерушілерді тыныштандыру мақсатында 260 тұтқын босатылған.
XS
SM
MD
LG