Accessibility links

Жапония реакторынан тағы жоғары деңгейдегі радиация тарады


Жапониядан түскен хабарларға қарағанда, зілзала мен цунамиден бұзылған Фукусима атом электр стансасындағы реактордан жоғары деңгейдегі радиация тараған соң, жұмысшылар қауіпсіз аймаққа шығарылған.

Бұл зауыттың операторы Токионың электр қуаты компаниясының Рейтерс агенттігіне хабарлауынша, нөмері екінші реактордан қалыпты нормадан 10 миллион есе асатын радиация тараған.

Сонымен қоса ядролық станса маңындағы теңіз суынан жоғары радиоактивті иод деңгейі анықталды.

БҰҰ-ның Атом істері жөніндегі агенттігі Жапонияның ядролық дағдарысы әзір аяқтала қоймайды деді. МАГАТЭ директоры Юкио Амано New York Times басылымына берген сұқбатында, Жапонияның АЭС-дағы жұмыс қалпына келу үшін бірнеше апта керек болады деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG