Accessibility links

Оңтүстік Корея солтүстіктің 27 теңізшісін қайтарды


Жексенбі күні Оңтүстік Корея өткен айда өз аймағында балық аулап жүрген кемесімен ұсталған 27 солтүстік кореялықты еліне қайтарды.

Солтүстік Корея ол қайықта болған барлық 31 азаматын қайтаруды талап еткен. Бірақ Сеул олардың төртеуі Оңтүстікте қалғысы келді деп отыр.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты теңізшілерді қайтару кейінге қалып келген. Олардың кемесі ақпанның 5-де қалың тұманнан даулы сары теңіз шекарасынан өтіп кеткен.

Бүгінде 20 мыңнан аса солтүстік кореялық Корей түбегіндегі соғыс аяқталған 1953 жылдан бері оңтүстікке өтіп кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG