Accessibility links

Ауғанстандағы тәліптер 50 шақты полицияны басып әкеткен


Талибан жауынгерлері Ауғанстанның 50 шақты полиция қызметкерін ұрлап әкеткен. Аймақтың билік өкілдері бұл мәліметті растап отыр.

Полиция офицерлері жалақыларын алу үшін Нуристан провинциясына барып келе жатқанда, Кунар уәлаятының Чапа Дара ауданынан ұсталған.

Соңғы айларда талибан Батысты қолдайтын ауған үкіметіне қарсы күресін күшейтіп отыр.

Ауғанстан шілде айынан бастап елдің жеті аймағының қауіпсіздігіне жауапкершілікті одақтас күштерден қабылдап алатын болады.
XS
SM
MD
LG