Accessibility links

Йеменнің биліктегі партиясы дағдарысты талқылайды


Йемен билігіндегі партия мен оның жетекшісі, ел президенті Али Абдулла Салех жексенбі күні елдегі бірнеше аптаға созылған үкіметке қарсы шерулерді тоқтату мақсатында жиын өткізеді.

Йеменді 32 жыл басқарып отырған Салехті биліктен кетуге шақырған шерулерге екі айдай уақыт болып қалды. Йемен президенті сенбі күні кешкісін өзінің лайықты жағдайда биліктен кетуге дайын екенін айтқан.

Салех Йеменде орналасқан әл-Қаида тобымен күресте АҚШ пен Сауд Арабия елдерінің одақтасты болып келген.

Тунис пен Египеттен кейін қаңтар айында Йеменде басталған билікке қарсы шерулерден бері 80 адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG