Accessibility links

Сирия армиясы Латакия қаласына тартылды


Сирия билігінің хабарлауынша, Латакияда үкіметке қарсы шерулер кезінде екі адам қаза тапқан соң, ел армиясы портты қала аймағына орналасты.

Шеруге қатысқандар сенбі күні қауіпсіздік күштері биліктің "Баас" партиясының штаб пәтеріне өрт қоймақшы болған көтерілісшілерге оқ жаудырды деді. Бірақ Сирия билігі шерушілерге шабуылдады деп қарулы топты айыптады.

Латакия қаласындағы оқиғалар жұма күні Дераа мен басқа да аймақтарда президент Башар әл-Ассад билігіне қарсы шеру кезінде 20-дан аса кісі қаза болған соң орын алып отыр.

Сирия шеруде барлығы 27 адам қаза тапты деді. Шеру белсенділері болса, нарызылықтар басталған екі аптаға жуық уақыт ішінде 126-дан аса кісі құрбан болды деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG