Accessibility links

Бүгін Жапонияда тағы да жер сілкінді


Бүгін таңертең Жапонияның шығысында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. АҚШ геологиялық қызметі жапон үкіметіне тұрғындарға цунами қаупінен сақ болуды хабарлау туралы кеңес берді.

Жапонияның солтүстік-шығысында наурыздың 11-і болған күші 9 балдық зілзала мен соның салдарынан пайда болған цунамиден 27 мың адам қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен.

Бұған дейін табиғи апаттан зардап шеккен "Фукусима-Дайичи" атом электр станциясындағы нөмірі екінші реактордың жүйесіндегі суда радиация деңгейі шекті шамадан 100 мың есе асып кеткені хабарланды.
XS
SM
MD
LG