Accessibility links

Германияда билік партиясы маңызды сайлауда жеңіліп қалды


Германияның федералдық екі аймағында - Баден-Вюртемберг пен Райнланд-Пфальц жерлерінде өткен сайлауларда биліктегі Христиан-демократтар одағы саяси бәсекелестерінен жеңіліп қалды.

Екі аймақта да мерейі үстем шықан "жасылдар" партиясы енді социал-демократтармен бірге коалициялық үкімет құрады.

Христиан-демократтар одағы 58 жыл бойы үздіксіз басқарған Баден-Вюртембергте енді билік басына "жасылдар" партиясының өкілі 62 жастағы Винфрид Кречманн келді.

Ол өз партиясының жеңіске жетуіне Жапонияның "Фукусима" атом электр станциясындағы жағдай да әсер еткенін айтты.

- "Фукусимадағы" қайғылы оқиға Германияда біз ұзақ жылдар бойы үздіксіз айтып жүрген АЭС-тен бас тарту тақырыбын күн тәртібінде бірінші орынға шығарды", - деді Винфрид Кречманн.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG